«Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Бүгін «НАУРЫЗ мейрамы» қарсаңында жедел жәрдем станциясында салтанатты шара өткізіп Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы табыс етілді.
Азаматтардың денсаулығын сақтау
ісіне қосқан жеке үлесі үшін, мінсіз адал еңбегі
жоғары кәсібилігі үшін және
Наурыз мейрамына орай
Марапаттау:
1. Нұрболат Ерқанатұлы Асылхан, фельдшер
2. Алмагүл Куантайқызы Нукенова, фельдшер
3. Елизавета Юрьевна Коробкова, фельдшер
4. Айдана Жасұланқызы Акшолакова, фельдшер
5. Ерік Айдынбекұлы Айдынбеков, врач
6. Руслан Олжабайұлы Калкамбеков, водитель
7. Асрор Мавланбекович Ахмаджанов, врач
8. Камила Нурболатқызы Шакирова, фельдшер
9.
«SENIM» салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы №2 қосалқы стансасының фельдшері Хасан Альбина Төлеуқызын «Алғыс хат» және бағалы сыйлықпен марапаттады.
Гараж диспетчері Жаңабаева Дина Қабдылхамитқызы станцияның кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, 23 қызметкер кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Станция басшы орынбасары Ирина Болеславовна әріптестерін құттықтай отырып, бұл көктемгі жаңару мерекесі, барлық тіршілік иелері оянып, күн мен түннің теңелетін күні келетін Наурыз мерекесімен құттықтап атап өтті.
Бұл береке мен молшылық және бірлік мерекесін бүкіл түркі тілдес халықтар бес мың жылдан бері тойлап келеді.
Бұл күні өткен реніштерді кешіріп, бір-бірімен кездесіп, қиын қыстан сәтті шыққанына қуанып, ортақ қазаннан Наурыз көже ішіп, мерекені бірге тойлау әдетке айналған.
Ежелден бұл күні арналар мен бұлақтарды тазартып, ағаш отырғызып, қыстан әрең шыққан мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.
Бұл еліміздің басты ұлттық мерекесі және бүгінгі таңда ең маңыздысы және ең бастысы – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі. Әріптестеріне денсаулық, қызметтік ауыртпашылығына табыс тіледі.