Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ЖКО, үсік шалу, ауысым: мерекелік демалыс күндері Павлодар 103 қалай жұмыс істеді.
26-03-2025 12:26
 Жедел жәрдем қызметіне 21 наурыздан 25 наурызға дейін орташа есеппен түскен шақырулар саны 30%-ға өсті. 
21 наурызда Павлодарда Ак. Шокина мен Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында, екі көлік соқтығысты. 59 жастағы ер адам мен 52 жастағы әйелге көмек көрсетіліп олар №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 
Дәл осындай оқиға 23 наурыз күні Малайсары батыр және Елгина көшелерінің қиылысында болды. Соқтығыс салдарынан екі адам зардап шекті. Павлодар қалалық №3 ауруханасына 1984 жылы туған әйел іш жарақатымен жеткізді, ал 1979 жылғы ер адам тізе буыны көгерген жарақатымен Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді.
 
24 наурызда Павлодар Усолька шағын ауданында квадроциклден құлаған 21 жастағы жас жігіт жарақат алған. Бел омыртқасы зақымданып №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 
 
25 наурызда Павлодарда ауа райына байланысты белгіленген тұрғылықты үйі жоқ 65 жастағы ер адамның екі саусағы бірінші дәрежелі үсік шалған. Оны №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 
 
103 жедел жәрдем қызметі шақырулардан бөлек мереке күндері облыс көлемінде өткен түрлі іс-шараларда да кезекшілікте болды, — деді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне орай мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир, хоккейден Қазақстан чемпионаты және мәдени шараларда кезекшілік қызметін атқарды. Павлодарда 22 наурызда вегето-тамыр дистониясымен ауыратын балалардан екі шақыру түсті, Ефремовка ауылында иық буыны шығып кеткен 2008 жылы туған жасөспірім көмек сұрап шақырды.