
Акцияға облыстық станция және барлық қалалық жедел жәрдем қосалқы станцияларының қызметкерлері қатысты. Павлодар облысында жарияланған абаттандыру және аумақтарды тазалау айлығына алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері қосылды. Кезектен тыс сенбілікке 40 адам қатысып, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы орталық жедел жәрдем станциясы мен бес қосалқы станцияға іргелес жатқан аумақтардағы қоқыстарды тазартты. 103 қызметкерлері барлығы 4 тоннаға жуық қоқыс жинады. «Тазалық – денсаулық кепілі», – дейді Павлодар қалалық жедел жәрдем көлігінің инженерлік-техникалық қызметінің басшысы Серік Ишманов. – Бұл тезис біздің қоршаған ортаға да қатысты. Айналамыз неғұрлым таза болса, біз соғұрлым жақсы боламыз. Сондықтан біздің қызмет әрқашан барлық жерде тазалық пен тәртіпті сақтауға тырысады. Әркім өз кіре берісінің айналасын тазаласа, үлкен шаруа болмақ. 31 наурыз бен 1 мамыр аралығында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында аумақты абаттандыру және тазалау айлығы жарияланды. Биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілуде.