Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Өткен демалыс күндері Павлодар облысының 103 қызметі бірнеше ірі жол-көлік оқиғасына шықты
19-05-2025 17:23
 
 
Соңғы демалыс күндері Павлодар облыстық жедел жәрдем бригадалары үшін аса қарбалас болды – бірнеше ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді.
 
Жаяу жүргіншілерге соғу жағдайлары
16 мамыр күні Павлодар қаласындағы Ломов – Катаев көшелерінің қиылысында 8 жасар бала көлік астына түсіп қалды. Баланың тобық тұсы жарақаттанып, ол облыстық балалар ауруханасына анасының ертуімен жеткізілді.
Сол күні Екібастұзда самокат мінген адам 60 жастағы әйелді қағып кетті. Әйел бітеу сүйек сынуы және дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.
18 мамыр күні Павлодарда ұқсас жағдай тіркелді: 1949 жылы туған әйелді самокат жүргізушісі қағып кеткен. Бет аймағындағы жарақаттармен ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
 
Павлодар – Семей трассасындағы ірі апат
17 мамыр күні Павлодар – Семей тас жолында, Байдала ауылының маңында екі көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы туралы шақырту 17:12-де түсіп, оқиға орнына жедел түрде екі 103 бригадасы және Катастрофа медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Медициналық қызметкерлер шақырту түскен соң 9 минут ішінде оқиға орнында болды.
Бес бала – 2014 және 2017 жылы туған ұлдар, 2021, 2022 және 2024 жылы туған қыздар – 31 жастағы анасымен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Тағы екі ересек адам – 1989 және 1993 жылы туған ер адамдар Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.
 
Тағы бір апат – Екібастұзда
Осы уақытта Екібастұз қаласына кіреберісте көлік жол жиегіндегі қоршауға соғылды. Апат салдарынан 1990 жылы туған ер адам, 1992 жылы туған әйел және 2018 жылы туған бала зардап шекті. Барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді.
 
Облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко былай дейді:
 
– Жол апаттары, әсіресе қала сыртындағы тас жолдарда орын алған оқиғалар – біздің қызмет үшін ең басымдық берілетін шақыртулардың бірі. Барлық жол қозғалысына қатысушылар – жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және самокат жүргізушілер – жол ережесін қатаң сақтауы керек. Жолдағы қауіпсіздік – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Осындай жағдайларды болдырмау үшін барынша мұқият әрі сақ болуға шақырамыз.