
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында облыстық жедел жәрдем станциясында салтанатты кездесу өтті.
Қызметкерлерді алдағы кәсіби мерекемен станция басшысы Канадан Ахметжанов құттықтап, әріптестеріне зор денсаулық, отбасына амандық пен қызметте табыс тіледі.
Мерекеге орай жедел жәрдем қызметінің бірқатар қызметкерлері марапатталды. Екібастұз қаласындағы №4 қосалқы станция фельдшері Жомарт Бозгоевқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы табысталса, Баянауыл ауданындағы №5 қосалқы станция фельдшері Дихан Жантелиевке министрліктің Алғыс хаты берілді.
№5 қосалқы станциясының тағы екі фельдшері — Ерлан Алиякпаров пен Олег Касаткин — төтенше медицина бойынша ұлттық үйлестіру орталығының «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін Сания Манапова, Нұртас Тогимов, Марина Колесова және Дилшат Дикамбек атап өтілді.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан провизор Гульнар Байжигитоваға «Үздігі» төсбелгісі, дәрігер-статист Жұлдыз Шоканова мен фельдшер Жанар Жумабаеваға Құрмет грамотасы, ал фельдшер Руслан Егубаевқа Алғыс хат табысталды.
Станция басшысы атынан фельдшерлер Наталья Хабирова мен Александр Коваленко Құрмет грамотасымен марапатталды. Станцияның кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы слесарь-сантехник Раскелді Нұржановқа берілді. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымы 103 қызметінің 23 қызметкеріне бағалы сыйлықтар дайындады.