Пациент клиникалық өлім жағдайын бастан кешірген, алайда аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
Шұғыл шақыру 4 тамыз күні кешкі сағат 7 шамасында павлодарлық бау-бақша қоғамдарының бірінен түскен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері ер адамда жүрек ритмінің бұзылуы мен қарыншалық тахикардия анықталғанын хабарлады.
Пациентке алғашқы көмек көрсетіле бастаған кезде ол клиникалық өлім жағдайына түскен. 103 бригадасы бірден реанимациялық шараларды бастап кетті. Нәтижесінде ер адамды өмірге қайта оралтып, Павлодар қалалық №3 ауруханасына жеткізді.
Жыл басынан бері бұл – Павлодар облысында жедел жәрдем қызметкерлері жүргізген 13-ші сәтті реанимация.