Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодардың 103 жедел жәрдем бригадасы босануды жедел жәрдем көлігінде қабылдады
05-08-2025 10:54
Босанған әйел мен дүниеге келген сәби Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.
 
Шақыру 5 тамыз күні сағат 10:23-те жедел жәрдем пультіне түсті. Телефон арқылы Баянауыл – Павлодар тас жолында келе жатқан 32 жастағы жүкті әйелде толғақ жиілегені туралы хабарланды. Көмекке дереу медициналық бригада жіберілді.
 
Шақыру түскеннен кейін 10 минут ішінде пациент әйел реанимобильге орналастырылды. Медициналық қызметкерлер оны ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдап, стационарға алдын ала хабар берген. Алайда жолда әйелде жылдам босану басталып кеткен. Сағат 10:55-те салмағы шамамен 2,9 келі, бойы 48 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келді.
 
Жедел жәрдемнің фельдшерлік бригадасы жылу тізбегін сақтап, ана мен сәбиді Ақсу қалалық ауруханасының дәрігерлеріне тапсырды.
 
Қазіргі таңда ана мен нәрестенің өміріне және денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. 103 қызметінің мәліметінше, перзентхана қызметкерлерінің жедел жәрдем бригадасының жұмысына қатысты ешбір ескертпесі болмаған.