Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар жедел жәрдем бригадалары видеожетондармен жабдықталды
08-08-2025 11:14
Павлодар жедел жәрдем бригадалары видеожетондармен жабдықталды
Күн сайын жедел шақыруларға шығатын 70 медициналық бригаданың әрқайсысына аудио және бейне тіркеу құралдары берілді.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жұмысына видеожетондарды енгізу туралы шешім медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдардан кейін республикалық деңгейде қабылданды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 103 қызметінің жұмысын реттейтін №225 бұйрығы мұны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құжатта медициналық бригадалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пациенттерге қызмет көрсету кезінде және оларды стационарға тасымалдау барысында айналадағы жағдайды аудио және бейнетіркеуге арналған мобильді камералармен жабдықтау көзделген. Бұл шара медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың тәртібін арттыруға, сондай-ақ шақыру кезінде туындауы мүмкін келіспеушіліктерді шешуге көмектеседі.

Смарт-видеожетондар сынақ режимінде Астана мен Алматыда сыналған болатын. Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы да өз жұмысына осындай құрылғыларды енгізді. Аудио және бейне тіркеу құралдары күн сайын шақыруларға шығатын 70 медициналық бригаданың әрқайсысына беріледі. Олар медицина қызметкерлерінің формаларына бекітіледі және шақыруды орындау кезінде жұмыс істейді. Видеожетондарға жазылған барлық деректер әр ауысымнан кейін «бұлттық жүйеге» жүктеліп, сақталады.
 
БЕЙНЕ СІЛТЕМЕДЕ
https://www.instagram.com/reel/DNA7lzyNGtY/?igsh=NDQzaXBxMTM1YXQx