Соңғы үш күнде 103 қызметінің бригадалары он жол-көлік оқиғасына көмек көрсетті. Дала жолдарындағы шақыртуларға да дәрігерлер хабар түскеннен кейін 10 минуттан кешікпей жеткен.
• 20 қыркүйек күні Курчатов – Павлодар тасжолында, Саты мен Абай ауылдарының арасында, автокөлік жол жиегіне шығып кеткен. 1978, 1997, 2000 және 2004 жылы туған әйелдер әртүрлі жарақат алып, Май аудандық ауруханасына жеткізілді. 60 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
• Екібастұзда самокат мінген адамның жаяу жүргіншіні қағып кетуі салдарынан 1984 және 1990 жылы туған екі әйел зардап шекті, екеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді.
• 21 қыркүйек күні Павлодардағы Омбы тасжолында төрт көлік соқтығысты. 1988 және 1989 жылы туған екі әйел омыртқа жарақатын алып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
• Демалыс күндері дәрігерлер судағы оқиғаға да шықты: Затон маңындағы қайық станциясында 1999 жылы туған жас жігіт қайықтың жағалаудағы қабырғаға соғылуы салдарынан кеудесін соғып, қабырғасы сынған. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді.
Облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенконың айтуынша, барлық шақыртулар жедел түрде орындалған.