Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар облысының 103 жедел жәрдем қызметі соңғы үш тәулікте алты жол-көлік оқиғасына шықты.
29-09-2025 10:01
 
 
Екі жағдайда жүргізушілер қозғалмай тұрған нысанға соғылған.
 
Бірінші оқиға өткен жексенбі күні таңғы шамамен сағат 4-те тіркелді. Жедел жәрдем пультіне түскен хабарламаға сәйкес, Горький көшесінде көлік ағашқа соғылған. 20 жастағы жігіт пен 19 жастағы қыз Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
 
Екінші жағдай 2,5 сағаттан кейін Ақ. Чокин көшесінде болған. Онда көлік жүргізушісі бағанаға соғылған. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін 22 жастағы жігіт ауруханаға жатудан бас тартты.
 
Тағы бір 2000 жылы туған жігіт Ақсу – Павлодар трассасының айырылысында екі жеңіл көлік соқтығысқаннан кейін зардап шекті. Әртүрлі жарақаттармен және І дәрежелі травматикалық шок жағдайында ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.
 
– Түнгі уақытта болған жол апаттары ерекше алаңдаушылық тудырады, – дейді облыстық 103 станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Талдау көрсеткендей, мұндай жол-көлік оқиғаларының көпшілігі басқаруды жоғалту немесе жүргізушілердің шаршауы салдарынан болады. Сондықтан жүргізушілерге айтарымыз: егер өзіңізді шаршаған сезінсеңіз, рульге отырмаңыз және тіпті түнгі қауіпті сапарлардан бас тартыңыз. Жылдамдық режимін сақтау – бұл формалдылық емес, өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды сақтаудың басты шарты.