Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Бригада павлодарской 103 приняла роды прямо в реанимобиле
07-10-2025 12:13
Босандыру да, басқа кез келген шұғыл көмекті де павлодарлық 103 қызметінің кез келген медицина қызметкері көрсете алады, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Ол үшін біздің станция базасында халықаралық стандарттар бойынша көмек көрсетуге арналған курстар үнемі өткізіледі. Бұл сабақтарды сертификатталған жаттықтырушылар мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары жүргізеді. Бұл курстардан жедел жәрдем қызметінің барлық қызметкерлері – дәрігерлер мен фельдшерлер өтеді.
 
Жыл басынан бері 103 қызметінің мамандары 14 рет ауруханадан тыс босануға қатысқан. Өткен жылы мұндай жағдайлар 23 рет тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханадан тыс босану әрдайым асқыну қаупімен жүреді. Сондықтан жүктілік кезінде үнемі маманның бақылауында болу және су кеткен немесе толғақ жиілеген жағдайда жедел жәрдем шақыруды кешіктірмеу ұсынылады.