"Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖК КМК әкімшілігі өз қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға үлкен мән береді. Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 04 қазаны аралығында 60 медицина қызметкері (дәрігерлер мен фельдшерлер) оқытылды. Халықаралық стандарттар бойынша оқытуды "Trading GLOBAL" ЖШС жаттықтырушысы Б.К.Тайбеков "Базалық реанимация (BLS)" Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (ACLS). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (PALS). Жарақаттар кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету (PHTLS)" курсы бойынша жүргізді. Оқыту үлкен қызығушылықпен, практикалық сабақтармен және қиын клиникалық жағдайларды талқылаумен өтті.
Қызметкерлерді даярлау деңгейін арттыру халыққа шұғыл көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді