Бұл күні біз зор мақтанышпен және терең құрметпен еліміздің бай тарихын, оның жетістіктері мен еңсерген қиындықтарын еске аламыз. Қазіргі Қазақстанды құру – әрбір азаматтың еңбегінің, әр ұрпақтың үлесінің нәтижесі.
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ның басшысы Ахметжанов Канадан Канашұлы және медициналық бөлім жөніндегі басшының орынбасары Мищенко Ирина Болеславовна салтанатты сөз сөйледі.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан Шаметеков И. қол қойған Құрмет грамоталарымен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері марапатталды: Бондаренко Виктория Викторовна – №1 қосалқы станцияның фельдшері, Клочкова Ольга Ильинична – №2 қосалқы станцияның фельдшері, Коматова Гүлнұр Хамитовна – №3 қосалқы станцияның фельдшері, Мейрамғалиева Гаухар Асылбекқызы – №4 қосалқы станцияның фельдшері, Нүкенова Алмагүл Қуантайқызы – №5 қосалқы станцияның фельдшері.
Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем басшысы Ахметжанов К.К. қол қойған Алғыс хаттармен келесі қызметкерлер марапатталды: Долганова Елена Сергеевна – №1 қосалқы станцияның шақыру қабылдау фельдшері, Перваева Алтынай Темірқызы – №2 қосалқы станцияның фельдшері, Ысмағамбетов Сансызбай Тұрсынбайұлы – Ақсу қаласы №3 қосалқы станция жүргізушісі, Әуелбаева Арай Тоқтарқызы – Екібастұз қаласы №4 қосалқы станцияның фельдшері, Мусин Бауржан Мәдениятұлы – Екібастұз қаласы №4 қосалқы станцияның жүргізушісі, Жолдасов Кабиден Барауханұлы – Екібастұз қаласы №4 қосалқы станцияның жүргізушісі, Бекқожанов Әділет Қайыртасұлы – Шарбақты ауылының фельдшері, Тобаяқов Асет Талғатұлы – Екібастұз қаласы №4 қосалқы станцияның механигі, Орумбаев Ерқанат Құдайбергенұлы – жедел медициналық жәрдем орталығының жүргізушісі, Бадамшин Марат Айдарханұлы – жедел медициналық жәрдем орталығының жүргізушісі.
Осы мерейлі күні жедел жәрдем станциясының барша ұжымына зор денсаулық, амандық пен отбасылық бақ-береке, еңбекте табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз. Еліміздің дамуы мен өркендеу жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын. Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлдене берсін, халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүрсін!


@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя