Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодарлық жедел жәрдем қызметінде ЖРВИ бойынша шақыртулар санының өсуі байқалуда
28-10-2025 12:12
 
 
Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, жедел респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттану қаупі жоғары топта ең алдымен балалар тұр.
 
Дәстүрлі түрде мереке күндері 103 пультіне келіп түсетін шақыртулар саны көбейген. Егер 24 қазанда бұл көрсеткіш 612 болса, 27 қазанда – 826-ға жетті. Сонымен қатар ЖРВИ-мен байланысты өтініштер саны айтарлықтай артқан. Олардың жалпы шақыртулар санындағы үлесі 15%-ға жетті.
 
Статистикаға сүйенсек, жедел респираторлық вирустық инфекцияларға көбінесе балалар шалдығады – ЖРВИ бойынша шақыртулардың 60–70%-ы оларға тиесілі, - деп атап өтті облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Сондықтан профилактика мақсатында ата-аналар балаларына толыққанды тамақтануды қамтамасыз етіп, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болып, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы қажет, оның ішінде қолды жиі жуу да бар. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақырған жөн.
 
103 қызметінде бүгін әр емханада төртінші шұғылдық санатындағы шақыртуларды қабылдайтын мобильді бригадалар жұмыс істейтіні еске салынады. Бұдан бөлек, емханаларда жұқпалы ауру белгілері бар науқастарды алғашқы тексеруден өткізуге арналған фильтр-кабинеттер жұмыс істейді.