Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар облысының орталық мешітінің қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету үйретілді.
08-12-2025 14:48
 
 
Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте практикалық сабақ өткізу үшін Павлодар жедел жәрдем станциясының қызметкерлері мешітке барды.
 
Қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуді 103 қызметінің өкілдерінен мешіт қызметкерлерінің өздері сұраған. Өңірдің орталық мешітінің имамдары және техникалық қызметкерлерімен кардиологиялық және реанимациялық бригадалардың дәрігерлері — Сырым Құсаинов пен Асет Жұмалинов айналысты.
 
– Мешіт – адамдар көп жиналатын орын, сондықтан мұнда жұмыс істейтіндер дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсете білуі керек, – дейді Сырым Құсаинов. – Адамға шұғыл көмек қажет болған жағдайда ең бастысы – үрейленбеу. Сабыр сақтап, дереу жедел жәрдем шақыру немесе біреуден шақыруын сұрау қажет. Осыдан кейін жарақат немесе жағдайдың сипатына қарай тиісті әрекеттер жасалады.
 
Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт қызметкерлерін оқыту үшін медицина қызметкерлері жүрек-өкпе реанимациясын орындау дағдысын жетілдіруге арналған арнайы манекендер алып келді. Сондай-ақ тыңдаушыларға адамның сүйегі сынғанда, кесілгенде немесе күйгенде қалай дұрыс әрекет ету керектігі түсіндіріліп, бөгде заттан тұншығуды жою үшін Геймлих әдісін қолданудың ерекшеліктері көрсетілді.
 
Облыстық 103 станциясының ұжымы мешіт өкілдеріне бірнеше тонометр мен алғашқы көмек көрсетуге қажетті жиынтықтарды тапсырды. Дәрігерлер оларды қолжетімді жерлерге қоюды және біреудің өмірі немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда нұсқаулықтарды қатаң сақтауды ұсынды.
 
https://www.instagram.com/p/DR_cveDgqRY/?igsh=cDZuZHptb29vZW03