Тәуелсіздік кез келген мемлекеттің ең басты байлығы болып табылады. Әр халық тәуелсіздікке әртүрлі жолмен — революциялар, соғыстар, ұлттық-азаттық күрестер арқылы қол жеткізеді. Қазақстан үшін 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары халықтың егемендікке, өзін-өзі анықтауға деген ұмтылысының бастамасы болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – қазақстандық мемлекеттіліктің берік тірегі. Бай тарихы мен терең тамыры бар Қазақстан үшін бұдан асқан құндылық жоқ. Бұл – ең қастерлі қазына, ең асыл мұрамыз. Сондықтан біз ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіздікті қадірлейміз. Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес игілік».
ШЖҚ«Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ның басшысы Ахметжанов Канадан Канашұлы және медициналық бөлім жөніндегі басшының орынбасары Мищенко Ирина Болеславовна салтанатты сөз сөйледі.
ЖМК РҚ Ассоциациясынан біздің қызметкерлер «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды: Алекенев Алишер Маратұлы — орталық станцияның дәрігері. Сондай-ақ «Шұғыл көмек ардагері» төсбелгісімен Сметанин Павел Владимирович — Екібастұз қаласындағы №4 қосалқы станцияның фельдшері марапатталды.
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасынан Шаметеков И.М. қол қойған Құрмет грамоталарымен ЖМК қызметкерлері марапатталды:
Губарькова Елена Федоровна — №1 қосалқы станцияның фельдшері,
Жайлаубай Камила Жеңісқызы — №2 қосалқы станцияның аға фельдшері,
Кузнецова Светлана Анатольевна — Ақсу қаласындағы №3 қосалқы станцияның фельдшері, Шаканов Алмат Бекболатұлы — аутсорсинг бригадасының фельдшері.
Сондай-ақ ЖМК басшысы Ахметжанов К.К. қол қойған грамоталармен ЖМК қызметкерлері марапатталды:
Кусайнов Сырым Серғазыұлы — орталық станцияның дәрігері,
Жұмалинов Асет Айдароұлы — ПШБ Штат арнайы бригадасының УЗО фельдшері,
Капуза Эльвира Витальевна — кір жуу машинисті.
Осы салтанатты күні бүкіл жедел медициналық көмек ұжымына денсаулық пен амандық, бақыт және еңбекте табыс тілейміз. Қазақстанның орнықты дамуы мен кемелдену жолындағы сіздердің еңбектеріңіз барлық бастамаларда сәтті болсын. Республикамыз гүлдене берсін, ал оның халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүрсін!





@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя