Жедел жәрдем пультіне түскен барлық шақыртулар штаттық режимде толық көлемде атқарылды. 103 қызметінің жұмысы қатты аязға қарамастан, жеделдіктің төмендеуіне жол бермейтіндей етіп ұйымдастырылды.
Демалыс күндері 103 қызметінің қызметкерлері үсіктерге байланысты екі рет шақыртуға шықты. Екі жағдай да 17 қаңтарда тіркелді. Алғашқы жағдайда Атамекен кентінің 71 жастағы тұрғыны көшеде қар тазалау кезінде сол қолының бірнеше саусағын үсітіп алған. Екінші жағдайда облыс орталығында 42 жастағы ер адам ұзақ уақыт далада болғаннан кейін аяқ саусақтарын үсік шалдырып алған. Екі науқас та Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Сондай-ақ жедел жәрдем қызметінің өкілдері төрт өрт оқиғасына барды. Алғашқысы өткен сенбі күні Циолковский көшесіндегі павлодарлық моншалардың бірінде орын алды. Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ. Тағы үш өрт 18 қаңтарда тіркелді. Ломов және Сібір көшелеріндегі үйлерде өрт салдарынан зардап шеккендер болмады. Ал Торайғыров көшесіндегі үйде 86 жастағы әйел орташа дәрежеде көмірқышқыл газымен уланған. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылды.
Өткен соңғы үш тәулікте 103 қызметінің медицина қызметкерлері кезекті сәтті реанимация жүргізді. Жедел шақырту жедел жәрдем пультіне өткен жұма күні таңертең келіп түсті. Диспетчерге 1977 жылы туған әйелдің үйінде кенеттен есінен танғаны хабарланды. Шақыртудан кейін 8 минут ішінде медицина қызметкерлері оқиға орнына жетіп, науқаста клиникалық өлім жағдайын анықтады. Медициналық бригада жедел әрекет етіп, бірден реанимациялық шараларды бастады. Әйелдің өмірі қайта қалпына келтірілгеннен кейін ол Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Бұдан бөлек, демалыс күндері жедел жәрдем қызметкерлері мәдени-бұқаралық іс-шараларға медициналық қызмет көрсетті. Атап айтқанда, Павлодар және Ақсу қалаларындағы мұз сарайларында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының хоккей чемпионаты, сондай-ақ Православие дініндегі Крещение мерекесіне арналған суға шомылу шаралары медициналық бақылауда өтті.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя