Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар қаласының 103 қызметінің қызметкерлері 65 жастағы әйелге сәтті реанимация жүргізді
27-01-2026 17:08
 
 
Бүгінгі таңда науқас реанимация бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.
 
Жедел жәрдем пультіне шұғыл шақырту 25 қаңтар күні түсті. Қоңырау шалушы қарттар пансионатының тұрғынында тұншығу ұстамасы басталғанын хабарлаған. Белгілі болғандай, ол түскі ас кезінде тамаққа қақалып қалған.
 
Бригада диспетчер шақыртуды бергеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Сол сәтте әйел клиникалық өлім жағдайында болған. Медицина қызметкерлері дереу науқастың тыныс алу жолдарын босатып, реанимациялық іс-шараларды бастады. Реанимацияны жас дәрігер жүргізді, ол Павлодар облыстық 103 станциясының барлық қызметкерлері сияқты тиісті даярлықтан өткен. Әйелдің өмірі қалпына келтірілгеннен кейін, ол жасанды өкпе желдету аппаратына қосылып, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
 
27 қаңтар таңындағы жағдай бойынша науқас реанимация бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауында. Мамандар реанимациялық көмектің уақтылы көрсетілгенін және жедел жәрдем бригадасының жоғары кәсіби деңгейін атап өтуде. Дәл осы жедел әрі сауатты әрекеттер әйелдің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
 
Бұл — жыл басынан бері 103 қызметі медицина қызметкерлері жүргізген екінші сәтті реанимация жағдайы. 16 қаңтар күні жедел жәрдем бригадасы үйінде кенеттен есінен танып қалған тағы бір науқасты аман алып қалған болатын.