Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының 103 қызметкерлері 67 жастағы зейнеткерге сәтті реанимациялық көмек көрсетті.
23-02-2026 09:21
 
 
Ер адамды клиникалық өлім жағдайынан 40 минут бойы шығарып алды.
 
18 ақпанда облыстық жедел жәрдем станциясының диспетчерлік пультіне шұғыл шақырту түсті. Қоңырау шалушы Павлодар қаласындағы емханалардың бірінде зейнеткердің есінен танып, тынысы тоқтағанын хабарлаған. Шақыртудан кейін бес минут ішінде медициналық бригада оқиға орнына жетті.
 
Анықталғандай, медицина қызметкерлері жолда келе жатқан кезде айналасындағылар ер адамға өкпе-жүрек реанимациясын жүргізген. Оқиға орнына жеткен 103 қызметінің қызметкерлері науқасқа кеңірдек интубациясын жасап, жүрегіне электрлік дефибрилляция жүргізіп, жасанды өкпе желдету аппаратына қосты. Науқас 40 минуттан кейін клиникалық өлім жағдайынан шығарылды. Ол облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Қазіргі уақытта ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.