Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында
05-03-2026 15:39
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК медициналық бөлім бойынша басшының орынбасары Мищенко Ирина Болеславовна мекеменің әйелдер ұжымын келе жатқан мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында әйелдерге кәсіби біліктілігі, жұмысына деген жауапкершілігі және жедел медициналық жәрдем қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді. Онымен қоса, әйелдерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт, еңбектеріне табыс және көктемгі көңіл-күй тіледі.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер денсаулық сақтау басқармасынан адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Алғыс хаттар табысталды:
—Мунайтбасова Лидия Мухаматвалиевна
—Нуркебаева Гульсым Манаповна
—Шанкова Гульмира Темиржанова

ШЖҚ«ПОЖМЖС» КМК басшысы атынан алғыс хаттар табысталды:

—Карабаева Жанаргуль Владимировна
—Махамбетова Милана Кайратовна
—Кадырова Айнаш Темірболатовна