Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Өрт және ЖКО: Павлодардың 103 қызметі өткен тәулікті қалай өткізді
12-06-2026 09:31
 
 
Өткен тәулікте облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері өрт туралы шақыртуға бір рет, ал түрлі жол-көлік оқиғалары бойынша бес рет шықты.
 
Павлодардағы өрт 11 маусымда сағат 20:00 шамасында Ледовский көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелді. 61 жастағы ер адам өз пәтеріндегі өрттен кейін жану өнімдерімен (иіс тиіп) уланған. Оның төсекте шылым шеккені жоққа шығарылмайды, бұл тілсіз жаудың шығуына себеп болуы мүмкін. Зардап шегуші Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
 
Өткен тәулікте 103 қызметі шыққан жол-көлік оқиғаларының екеуіне скутер жүргізушілері себепкер болған. Павлодарда Украинская мен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы маңында скутер жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірім — 16 жасар қыз бен 17 жасар бозбала түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
 
Дәл осы уақытта Ақсу қаласында скутер бағанға соғылған. 16 жасар жасөспірім мен 17 жасар қыз анағұрлым ауыр жарақаттар алды: олардың денелерінде түрлі сынықтар, жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалуы анықталды. Екеуі де Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.
 
- Біз азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз: ешқашан төсекте шылым шекпеңіздер, электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыздар және түтін шыққан жағдайда дүрбелеңге салынбаңыздар, - деп түйіндеді өткен ауысымның қорытындысын өңірлік 103 станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. - Жолдағы жағдайға келетін болсақ, скутерлердің қатысуымен жиілеп кеткен жол-көлік оқиғалары бізді қатты алаңдатады. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларға қорғаныс құралдары мен шлемсіз, сондай-ақ ЖҚЕ (жол қозғалысы ережесі) білімін қатаң бақылаусыз екі дөңгелекті көлікті басқаруға рұқсат бермеуі керек. Жолдағы және тұрмыстағы салғырттық адам өмірін қиюы мүмкін екенін, ал қаперсіздіктің бір секундтық салдары жансақтау бөліміндегі апталарға ұласатынын бәріміз жадымызда ұстауымыз қажет