Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодардың 103 қызметінің 50-ден астам қызметкері кәсіби мереке қарсаңында марапатталды
17-06-2026 16:04
Павлодардың 103 қызметінің 50-ден астам қызметкері кәсіби мереке қарсаңында марапатталды
Медицина қызметкері күні қарсаңында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында дәстүрлі салтанатты кездесу өтті.
 
103 қызметінің басшысы Қанадан Ахметжанов әріптестеріне қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін алғысын білдірді. Ол жедел жәрдем станциясы Павлодар облысындағы ең үлкен медициналық ұжым екенін, өз міндеттерін табысты орындап, жұмысында үздік тәжірибелерді енгізіп келе жатқанын атап өтті.
 
Кәсіби мереке қарсаңында үздік қызметкерлерге ведомстволық және кәсіподақтық марапаттар табысталды. Станцияның бірнеше қызметкері әріптестерін құттықтап, музыкалық нөмірлер дайындады.
 
Жалпы алғанда, Медицина қызметкері күніне орай өңірлік жедел медициналық жәрдем қызметінде 50-ден астам қызметкер марапатталды.