Адамдардың белсенділігі бірнеше есе артып, сонымен бірге жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі де жоғарылайды. Табиғат аясында кенелермен кездесудің қауіптілігін, сондай-ақ тропикалық климаты бар елдерде жұғуы мүмкін қызбаларды есте ұстаған жөн. Әсіресе ыстық ауа райында тағамдарды дайындау және сақтау талаптарының бұзылуы жедел ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың туындауына әкелуі мүмкін.
Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері әрбір пациентке кәсіби көмек көрсетуге әрдайым дайын. Медициналық қызметкерлер үшін жұқпалы аурулар бойынша оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында барлық құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен селекторлық режимде кене энцефалиті, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және жедел ішек инфекцияларын диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Басшының орынбасары Мищенко И.Б. қатысушылардың назарын аталған аурулардың клиникалық ағымының ерекшеліктеріне, дифференциалды диагностикасына, шақырту кезінде және пациентті тасымалдау барысында жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекет тактикасына аударды. Сондай-ақ медициналық қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтауына ерекше көңіл бөлінді.
Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, талқылау өткізді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя