Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Бүгін ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-да салтанатты іс-шара өтті!
01-09-2026 13:35
Бүгін ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-да салтанатты іс-шара өтті!

Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем бригадалары арасында Қазақстан Республикасы Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының 10 жылдығына арналған халықаралық қатысушылардың қатысуымен өткен ІІ Республикалық чемпионаттың өткізілуіне байланысты құттықтау шарасы ұйымдастырылды!

Баймұқашева Назира Ерқайратқызы, Ақсу қаласы №3 қосалқы станциясының меңгерушісі, Құрманғалиев Шейхислам Ерболанұлы, жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері, Шақанов Алмат Бекбұлатұлы, аудандар бойынша аға фельдшер, Манапова Сания Бауыржанқызы, жедел және шұғыл медициналық жәрдем фельдшері Жамбыл облысында 27-29 тамыз аралығында өткен жедел медициналық жәрдем бригадалары арасындағы Екінші ашық республикалық чемпионатта үшінші орынға ие болды. Чемпионатқа Қазақстанның әр өңірінен 27 команда, сондай-ақ Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Кәсіби жарысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы ұйымдастырды.

      ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК басшысы Ахметжанов Қанадан Қанашұлы және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Төлегенова Салтанат Чайкеновна салтанатты сөз сөйледі.

Салтанат Чайкеновна «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ атынан жедел медициналық жәрдем станциясына сертификат және чемпионатқа қатысушыларға сыйлықтар табыстады.

     Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы Ахметжанов Қанадан Қанашұлы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы» ЗТБ атынан алғыс хаттарды табыстады және жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы Ахметжанов Қ.Қ. қол қойған грамоталармен станциямыздың өкілдерін марапаттады.

      Жедел медициналық жәрдем ұжымына мықты жүйке, сарқылмас күш-қуат, жеңіл шақыртулар және жолдардағы жасыл бағдаршам тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен одан әрі жетілуі жолындағы еңбектеріңіз барлық бастамаларыңызда жемісті болсын!