Жыл сайын күзгі-қысқы маусымның басталуымен бірге суық ауа райы халық арасында жіті респираторлық инфекциялар мен тұмау ауруларының көбеюіне әкеледі. Жаңа эпидемиялық маусым 1 қазанда басталатынына қарамастан, қазірдің өзінде барлық жедел жәрдем қызметтері дайындыққа жұмылдырылған.
Басшылық тарапынан бөлімшелерге арналған бұйрық шығарылып, іс-шаралардың жедел жоспары бекітілді.
Жыл сайын дәрігерлер мен фельдшерлерге клиникалық хаттамалар бойынша, сондай-ақ індетке қарсы іс-шаралар бойынша оқыту жүргізіледі. Әдеттегідей, ерекше назар балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға және созылмалы аурулары бар адамдарға аударылады, өйткені оларда ЖРВИ мен тұмау анағұрлым ауыр өтеді және асқынуларға әкелуі мүмкін. Жедел жәрдем қызметкерлері әрқашан пациенттер мен олардың туыстарының ЖРВИ мен тұмаудың ағымы, емделуі, алдын алу шаралары, әсіресе тұмауға қарсы иммундаудың маңызды рөлі туралы сұрақтарына жауап беруге дайын.
Жыл сайын барлық жедел жәрдем қызметкерлері тұмауға қарсы белсенді түрде егіледі. Бұл тек өздерін және отбасыларын ғана емес, сонымен қатар пациенттерін қорғау үшін жасалады. Қазіргі уақытта құрылымдық бөлімшелердің басшылары вакцинацияны қысқа мерзімде өткізу үшін тізімдер құруда.
Жеке қорғаныс құралдарының, дезинфекциялық заттардың, жеке антисептиктердің, термометрлердің, шпательдердің қажетті қоры жасақталды.
Эпидемиялық маусымға дайындықта ұсақ-түйек болмайды. Жедел жәрдемнің барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы алдағы күзгі-қысқы кезеңде халыққа қызмет көрсетуді ең жоғары деңгейде қамтамасыз етеді
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя