Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ӘМСҚ Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының цифрландыру бағытындағы жүйелі жұмысын атап өтті
14-09-2026 09:16
ӘМСҚ Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының цифрландыру бағытындағы жүйелі жұмысын атап өтті
 
Павлодарлық 103 қызметі «Медицинадағы цифрландыру және тиімді басқару» номинациясында еліміздегі үздік қызмет деп танылды.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бұған дейін де бірнеше рет өткізілген «Медициналық көмектің флагманы» байқауының лауреаты атанды. Биыл байқау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 10 жылдығына арналды. Байқауға еліміздің медициналық ұйымдарының басым бөлігі және Павлодар облысынан 66 өкіл қатысты.
Негізгі номинациялардан бөлек, ӘМСҚ тағы бес қосымша номинация белгіледі. Солардың бірі – «Медицинадағы цифрландыру және тиімді басқару» номинациясында Павлодардың 103 қызметі жеңімпаз атанды. Арнайы мүсіншені, диплом мен сыйлық сертификатын ӘМСҚ өңірлік филиалының басшысы міндетін атқарушы Әсел Окапова табыстады.
Жедел жәрдем станциясы ұжымының атынан марапатты қызмет басшысының орынбасары Ирина Мищенко қабылдады. Ол медицина қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, қоғамда ақ халатты жандардың еңбегі әрдайым лайықты бағалана беретініне сенім білдірді.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Қазақстандағы шұғыл медициналық көмектің флагманы саналады. Бұл – қызметтің бірнеше жүздеген медицина қызметкерінің күнделікті еңбегінің нәтижесі. Станция базасында көптеген жылдар бойы қызметтің жеделдігі мен жұмыс сапасын арттыруға бағытталған түрлі цифрлық жобалар енгізіліп келеді.
 
Олардың қатарында телеметрия функциясы бар электрокардиограмма, Telegram-бот, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, жылдамдық режимін GPS арқылы бақылау, бейжетондар және басқа да цифрлық шешімдер бар.
Осы жобалардың нәтижесінде станция еліміз бойынша үздік көрсеткіштер қатарынан тұрақты орын алып келеді. Бұл ретте жедел жәрдем қызметкерлері адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолындағы өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.