Павлодар қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясының базасында 2026 жылғы мәслихат сайлауының сайлауалды науқаны аясында ұжымның «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуді жедел жәрдем станциясының басшысы Қанадан Қанашұлы Ахметжанов ашты. Ол ұжымның атқарып жатқан жұмысы, жедел жәрдем қызметінің негізгі мәселелері және өз пікірінше мәслихат деңгейінде қолдауды қажет ететін түйткілдер туралы баяндады.
Кездесу барысында «Әділет» партиясының спикерлері сөз сөйледі:
- Абдраманова Света Сагандыковна – № 3 бірмандатты сайлау округі бойынша Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат;
- Музапарова Мадина Токжановна – № 5 бірмандатты сайлау округі бойынша Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат;
- Чидунчи Ирина Юрьевна – № 6 бірмандатты сайлау округі бойынша Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат;
- Рахимжанов Ризат Русланович – № 18 бірмандатты сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат;
- КожабаеваАйзатМуратовна – № 5 бірмандатты сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат;
- Солтанов Мүслім Тілектесұлы– № 21 бірмандатты сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат.
Спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, денсаулық сақтау саласын дамыту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді.
Кездесу соңында станция басшысы «Әділет» партиясының өкілдеріне медицина саласының мәселелеріне назар аударғандары үшін алғыс білдіріп, алдағы мәслихат сайлауында сәттілік тіледі.