контакт: 8(71839)21643 akkysrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 84-үй
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына сәйкес орталық аудандық ауруханада азаматтарға тікелей өтініш бергенде қағаз жүзінде берілетін төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

     1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

     2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

     3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
     4) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» «мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
     5) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
     6) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат аурухананың интернет желісінде және ауруханадағы стендтерде орналастырылған.

Мемелекеттік қызмет түрлерін көрсету барысына ауруханадағы пациенттердің құқықтарын корғау және ішкі бақылау (аудит) қызметі жоспарлы түрде бақылау жүргізеді.