контакт: 8(71839)21643 akkysrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 84-үй
Әдептілік ережелері

Аурухана ұжымының

 жиналысында бекітілген

ШЖҚ «Лебяжі ОАА» КМК қызметкерлерінің

ӘДЕПТІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІ


 

ҚЫЗМЕТКЕР:

өз қызметінде азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқықтарын сақтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын, дәрігерлер антын, гуманизм мен мейірімділік қағидаларын басшылыққа алады;

сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз етуде өзінің біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулар мен қызметтік міндеттеріне сәйкес жауапкершілікті, оның ішінде моральдық жауапкершілікті, өз мойныны алады;

өз іс- әрекеттерімен аурухана беделін арттырады, оның мүдделерін қорғайды;

еңбек тәртібін мүлтіксіз орындайды, өз қызметік міндеттерін адал, риясыз әрі сапалы атқарады;

өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысынын сақтауға тиіс;

саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттайды;

қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермейді;

өз әріптестерімен қарым-қатынасты сыйластық, сенімділік негізінде атқаруға және пациенттің  мүдделерін сақтауға міндетті.