Науқастарға қолдау көрсету қызметі
Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі
«Ақтоғай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58-бабына сәйкес пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылған.
Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің негізгі функцияларына медициналық көмектің көрсетілу тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.
Сондықтан егер сіз:
-медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
-медициналық қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасымен кездессеңіз;
-кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медициналық қызметкерлердің ақша талап ету фактілеріне тап болсаңыз;
-сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен көрсетілу тәртібіне байланысты өзге де мәселелер туындаса —онда СІЗ объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында қызметке жүгінуге құқылысыз. Сіздің өтінішіңіз комиссиялық түрде қаралады.
Сіздің қолайлылығыңыз үшін өзіңіздің аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, үй мекенжайы, электрондық пошта) көрсете отырып, регистратурада орналасқан өтініштер жәшігіне жазбаша өтініш қалдыра аласыз.
Сондай-ақ біздің медициналық ұйымның сайты арқылы да өтініш жолдай аласыз.
Сонымен қатар, өз өтініштеріңізді бас дәрігердің WhatsApp нөміріне жіберуге болады: 8 777 951 7539
«Ақтоғай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
Мекенжайы: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Мәрденов көшесі, 101
Сенім телефоны: 8 (71841) 22-1-87
Байланыс тұлғалар:
Сабырова Мадина Ануарбекқызы – бас дәрігер, тел.: 8 777 951 7539
Базаргелдіна Торғын Мырзагазиевна – бас дәрігердің орынбасары, тел.: 8 707 794 3557
Арғынова Әсел Сайлаубайқызы – ішкі аудит дәрігері, тел.: 8 747 083 6272
Электрондық пошта: Aktogai_crb@mail.ru
Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя