
АХМЕТЖАНОВ ҚАНАДАН ҚАНАШҰЛЫ 1961 жылғы 29 наурызда Павлодар облысы Ленин кентінде дүниеге келген.
1978–1988 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алып, дәрігер-емдеуші біліктілігі берілген.
Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы жоғары санатты дәрігер.
Екінші жоғары білімі: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, бакалавр академиялық дәрежесі.
1988 жылғы қыркүйек – 1990 жылғы қыркүйек аралығы – КСРО Медицина ғылымдары академиясының Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығының (ВНЦХ) аспирантурасы, Мәскеу қаласы.
1991 жылғы наурыз – 1993 жылғы қазан аралығы – Павлодар қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінің төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек курсының ассистенті.
1994 жылғы қаңтар – 1997 жылғы қыркүйек аралығы – Павлодар қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінің апаттар медицинасы курсының меңгерушісі.
1997 жылғы қыркүйек – 2009 жылғы 15 наурыз аралығы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ Медициналық орталығының бас дәрігері.
2010 жылғы 12 наурыз – 2010 жылғы 17 мамыр аралығы – Павлодар қаласындағы №4 емхананың бас дәрігері.
2010 жылғы 17 мамырдан бастап – ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері.
2010 жылғы 15 қыркүйектен бастап – облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем көрсету жөніндегі штаттан тыс бас маманы.
Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының кандидаты, БХҒО (ВНЦХ), Мәскеу қаласы, 1990 жыл. 11 ғылыми жарияланымның авторы.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:
• «Құрмет» ордені
• «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалі
• Ұлттық денсаулық сақтау палатасының «Кәсіби жетістіктері үшін» медалі
• Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Шұғыл көмек ардагері» медалі
• Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы «Халық алғысы» мерейтойлық медалі
• Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаментінің Құрмет грамотасы
• «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
• Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасы
• Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы
• «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
• Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «2017 жылдың үздік денсаулық сақтау менеджері-ұйымдастырушысы» дипломы
• Павлодар қалалық мәслихатының Алғыс хаты, 2019 жыл
• Павлодар облыстық мәслихатының Алғыс хаты, 2026 жыл
• «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының Алғыс хаты, 2026 жыл
Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы жоғары санатты дәрігер.
2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 және 2022 жылдары ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК басшысы ретіндегі жұмысының нәтижесінде мекеме Қазақстан Республикасындағы үздік станция деп танылды.
Оның жетекшілігімен 2017 жылғы 11 тамызда ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК базасында «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті дамытудың жетістіктері» тақырыбында жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің халықаралық конференциясы өткізілді.
103 қызметінің жұмысында инновациялық жобалардың бастамашысы әрі авторы болып табылады. Атап айтқанда: автоматтандырылған басқару жүйесі, реанимобильдерге GPS-мониторинг енгізу, телеметрия функциясы бар ЭКГ, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, қоңырауды «ұстап қалу» әдісі, Telegram-бот және басқа да жобалар.
Оның басшылығымен 2020 жылы станцияның автопаркі толық жаңартылып, медициналық авиация қызметі тиісті деңгейде дамытылды, заманауи триаж-жүйе енгізілді және медицина қызметкерлері мен басқа да төтенше жағдайлар қызметтерінің өкілдерін даярлау және қайта даярлау үшін оқу кластері іске қосылды.
Қазақстан Республикасынан «Врач скорой помощи» халықаралық журналының редакторы, «Главврач» халықаралық журналының авторы. Сонымен қатар келесі мақалалардың авторы: «Қазақстан Республикасының Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында жедел коронарлық синдромы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын арттырудағы тромболитикалық терапия тиімділігі мен жаңа инновациялық жобаларды енгізуді талдау», «Павлодар облысының жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысына инновациялық технологияларды енгізу», «Коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайындағы Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы жұмысының тәжірибесі», «Павлодар облысындағы жедел жәрдем қызметін реформалау қорытындылары», «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық авиация қызметінің тәжірибесі», «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында оқу орталығын табысты енгізу тәжірибесі», «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы қызметіне дербес бейнежетондарды енгізу тәжірибесі (Қазақстан Республикасы): құқықтық, техникалық және клиникалық аспектілер», «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын цифрландыру: интеграцияланған жүйелерді енгізу».
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя