Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21713 болып тіркелді.
|
Жедел медициналық жәрдем, |
"Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері. |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Денсаулық сақтау субъектілері, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі. Жедел медициналық жәрдемді шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін). |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде/электронды. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жедел медициналық көмек шақырту. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
Тәулік бойы |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер 1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы; 2) пациенттің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиғаның, жарақаттанудың немесе аурудың мән-жайлары; 3) мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан орнына жол жүру жөніндегі болжамды деректер. |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көзделмеген. |
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Денсаулық жай-күйінің бұзылуы жағдайында азаматтардан "103" нөмірі бойынша шақыртулар. |