Павлодар дәрігерлеріне арналған мастер-класс

Осы цикл шеңберінде заманауи хирургияның көкейкесті мәселелер жөнінде баяндама оқылып, талқыланды. Олардың негізгі артықшылығы - науқас үшін кішкене жарақат алу, жоғары технология және кең көлемді салаларда үздік экономикалық тиімділік. Хирургтар заманауи жабдықтарды қолданумен орындалған операциялық араласулардың жоғары деңгейіне қолжеткізді. Осының арқасында заманауи хирургияның деңгейі артты, операциялық қабылдаулар үшін кең мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесінің қабілеттігін қалыптастыруға және медициналық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Одан әрі ҚМКРҒО (қауырт медициналық көмек республикалық ғылыми орталығы) еліміздің әртүрлі облыстарында тәжірибелік хирургия санын көп қамту үшін өздерінің мастер-класстарын өткізуді дәстүрге айналдыруды жоспарлайды.
Бұл өңірлік хирургтардың, әсіресе жас мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Павлодар облысының кейбір медициналық ұйымдарда (Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы) жалпы хирургия бойынша операциялар жасалатын болады. Әсіресе осы мастер-класстар үйретудің инновациясын айта кеткім келеді, жаңа хирургиялық технологиялар операциялар кезінде және "қолдан қолға" қағидаттар бойынша жаттығу курстарында үйретіледі және мазмұнды дәрістер болып саналады.
ҚМК РҰО тобының тізімі:
Опенько Владимир Геннадьевич – "ҚМК РҰО" АҚ медициналық директорының орынбасары;
Мукажанов Адильбек Кайрбекович – хирургия бөлімінің басшысы;
Шаназаров Насрулла Абдуллаевич – онкохирургия жөніндегі бас маманы;
Жексенбаев Асан Айтмукашевич – хирургия жөніндегі бас маман;
Сагандыков Ирлан Нигметжанович – тамыр хирургиясы жөніндегі бас маман;
Абугалиев Кабылбек Ризабекович – сындарлы және пластикалық хирургия жөніндегі бас маман ;
Курманов Талгат Аманжолович – дәрігер –уролог.