Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды Бірыңғай Ұлттық жүйеге жүргізу мен денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысы туралы

Дата: 2009-10-19 18:00:00

Облысымызда заң тұлғалары ретінде 168 медициналық ұйым жұмыс істеуде, 21 мемлекеттік мекеме дәрежесіне ие, солардың ішінде 11 туберкулезге қарсы ауруханалары мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық және Екібастұз қалаларының психоневрологиялық диспансерлері, облыстық ЖҚТБ күрес және алдын алу орталығы мен басқа да 6 медициналық ұйым.

147 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, соның ішінде 27 аурухана, 4 диспансер және 109 амбулаторлық-емханалық ұйымдар (АЕҰ), сонымен қатар қалалардағы 5 дәрігерлік амбулатория.

Ауылдардағы медициналық ұйымдар желісі:

9 орталық аудандық ауруханалары;

9 туберкулезге қарсы ауруханалары;

5 ауыл учаскелік ауруханалары;

4 емхана (2007 жылы ОАА құрамынан бөлінген 2 тұрпаттық емхана),

Алғашқы медико-санитарлық көмек  (АМСК) 1 орталық;

89 дәрігерлік амбулатория.

Дәрігерлік амбулаториялар құрамында  254 медицинских пункт бар.

Облысымыздың емдеу-сауықтыру ұйымдарының жұмысы 2005 - 2010 ж.ж. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамуы мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламасына бағытталған. 

Бағдарламаны жүзеге асырудың 1 кезеңінде денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық - техникалық базасын күшейтуге, жаңа обекттерді салуға, медициналық ұйымдарды халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі кезеңдік аппаратурамен жабдықтауға  жұмыстар бағытталған. 

Ауылдарда 3 аудандық туберкулезге қарсы тұрпаттық аурухана мен аудандық емхана салынды. 

Екібастұз қаласында тұрпаттық емхана қолданысқа тапсырылды.

Ағымдағы жылы Май және Железин аудандарында тұрпаттық аудандық емханалар енгізіліп, қолданысқа тапсырылады. 

Павлодар, Ақсу қалаларында ауысымына 500 адамды қабылдайтын емханалар ашылады. 

Павлодаре қаласында аймақ аралық кардиохирургиялық орталығы мен қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің құрылысы әлі де жалғасуда. 

Емделуші дәрігер мен медициналық ұйымды таңдау құқығы бар. Ол медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті дамытуға жол береді.

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің маңызды үшінші ерекшелігі  - көрсетілген медициналық қызметтің мөлдірлігі. Ол үшін ақпараттандыру жобасы шеңберінде барлық азаматтарға электрондық карточкалар таратылады. 

Төртінші - Жұмыс берушілердің мемлекет пен азаматтар денсаулығына жауапкершілік.

2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі нормалар халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінде бекітілген. 

Автор: Басқарма