Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Созылмалы вирусты гепатиттерді емдеу туралы ақпарат

Дата: 2011-03-19 03:49:44

 

Созылмалы вирусты гепатиттерді емдеу туралы ақпарат

          В және С созылмалы гепатиттер – әр пациенттің тұлғасына, қоғамға және экономикаға әсер ететін әлемнің өзекті мәселесі.

         Жыл сайын әлемде 3-4 милионға дейін адам гепатитті жұқтырып алады.

         В және С вирусты гепатиттер бойынша эпидемиялық жағдайды, науқастар өмірінің сапасын жақсарту мақсатында, сонымен қатар емдеудің қымбаттылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі  В және С вирусты гепатиттермен ауратын науқастарға емдеу өткізуге қаржы бөлуі туралы шешім қабылдады.

2010 жылдан В және С созылмалы вирусты гепатиттермен ауратын балаларға тегін емдеу жүргізіледі, 2010 жылдың соңынан медициналық қызметкерлер мен студенттерге емдеу басталды, ал 2011 жылдан бастап В және С созылмалы вирусты гепатиттермен ауратын ересектерді емдеу жоспарланған.

Вирусқа қарсы ем әрбір адамға жеке, барлық ескертулерді есепке алып, тағайындалады.

2011 жылдың ақпанынан ТМККК шегінде (республикалық трансферт бойынша)  гематрансфузия алған, операция жасалған, стоматологиялық көмектен кейін (тіс жұлу), эндоскопиялық зерттеу, плазмофорезден кейін балаларға гепатитқа скриниг-зерттеу өткізіледі.

Вирусты гепатит – гепатит вирусымен қоздырылатын, бауыр зақымдалуымен өтетін, антропонозды ауру.

Гепатиттер:

 

 

Энтералді гепатиттер негізінде жеңіл өтеді, созылмалыға айналмайды.

А, Е, В, D жіті гепатитте вирусқа қарсы ем қолданылмайды.

Жіті парентералді гепатиттер ауыр өтеді, толық емделумен қатар созылмалыға айналуы да мүмкін, ал созылмалы түрі бауыр циррозына және гепатоцеллюлярдық карциномаға өтіп кетуі мүмкін. Қандай болмасын симптомдар жоқ болса да, В және С созылмалы гепатиттері денсаулыққа ауыр зиян әкеледі. Созылмалы гепатит бар, не жоғын білудін жалғыз ғана жолы – бұл арнайы диагностикалық қан тесті, оны созылмалы гепатитке күдік туған жағдайда дәрігер тағайындайды (ИФА, ПЦР мөлшерлік және сапалық, генотиптеу).

Сондықтан, адамға гепатит жұққанда, созылмалыға айналған жағдайда асқынуларды алдын алу үшін ерте диагностика мен ерте бастаған ем (вирусқа қарсы) өте манызды. 

Автор: Басқарма