Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарына бюджеттік қаражат есебінен беріледі және алдын алу, диагностикалық және емдеу медициналық қызметтері енеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.
Диспансерлік есепте тұрған азаматтар дәрігердің тағайындауы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 04 қарашадағы №786 бұйрығы бойынша бекітілген дәрі-дәрмектер Тізбесіне сәйкес тегін дәрілік препараттарымен қамтамасыз етіледі. Рецепттер 1 пациентке айына бір рет беріледі, препараттардың саны, емдеу ұзақтығы мен өлшемі талдауларды бақылап отыра стандартқа сәйкес дәрігермен анықталады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі туралы көрнекі ақпарат Ақсу қаласы емханасының тіркеу орны жанындағы стендте және барлық ауылдық амбулаторияларда орналасқан.
Емхана әкімшілігі.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя