Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Стоматологиялық кабинеттер жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінде стоматологиялық көмек көрсету емхана мамандарымен жүргізіледі. Осыған байланысты Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасымен облыстық бюджет қаражаты есебінен медициналық стоматологиялық жабдық сатып алынды. Ақсу қаласы бойынша білім бөлімімен тегін алу негізінде бөлмелер берілді, онда жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеулер өткізілді.
Ақсу қаласында №1,2 және 8 мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылды, онда 2938 балалар мен жасөспірімдердің жоспарлы ауыз қуысының санациясын жүргізу қамтылады.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя