Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жатыр мойнының қатерлі ісігін бірге жеңеміз!
Жатыр мойнының қатерлі ісігі- әлем және Қазақстан әйелдері арасындағы қатерлі ісік таралуы бойынша екінші болып табылады. Ресми статистика бойынша Қазақстан Республикасында күн сайын төрт әйелде жатыр мойнының қатерлі ісігі анықталады және екі әйел қайтыс болады. 40 жасқа дейінгі әйелдер арасында өлім жоғары. 99,7%жағдайында жатыр мойнының қатерлі ісігінің себебі адам папиллом вирусының(АПВ) белгілі түрлері екені дәлелденді.
16 жастан 20 жасқа дейінгі аралықта адамның папиллом вирусын жұқтыратын кезеңі. Осы адамның папиллом вирусы жатыр мойнының қатерлі ісігіне әкеледі, ол жыныс жолдары арқылы жұғады. Адамның папиллом вирусына қарсы егу жасау жатыр мойнының қатерлі ісігімен ауруды төмендетеді, бірақ жыныс жолдары арқылы таралатын жұқпалардан сақтамайды.
2013 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанда кезең бойынша адамның папиллом вирусына қарсы (АПВ) 11-12 жастағы қыздарды тегін егу жүргізілетін болады. Егу жүргізу қыздың ата-анасының келісімімен жүргізіледі.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя