Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Емдеуге жатқызу бюросы Порталы деген не?
БҰДЖ (Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарының және бағыттарының бірі болып табылады.
БҰДЖ негізгі қағидаттары:
- медициналық ұйымды және емдеуші дәрігерді еркін таңдау;
- медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің айқындылығыы;
- бәсекеге қабілеттілік;
- түпкі нәтиже үшін ақы төлеу.
Емдеуге жатқызу бюросы (бұдан әрі - ЕЖБ) пациенттерді стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызудың жеделділігіне қол жеткізу мақсатында құрылды және БҰДЖ екі аса маңызды қағидатын жүзеге асырады: пациенттің еркін таңдауы және көрсетілетін медициналық қызметтердің айқындылығы. ЕЖБ емхана және стационар арасында келістіруші болып табылады және атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде бізде стационарларға, емханалар мен пациенттерге арналған өзара әрекеттесудің нақты құрылымы бар, оны барлық үш тарап бір веб-сайтта қарай алады: www.bg.eisz.kz.
ЕЖБ Порталы – бұл Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін қолжетімді Ғаламтордағы веб-сайт, ол жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау жағдайларында клиника, емхана және пациент арасындағы орталықтандырылған өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Емдеуге жатқызу бюросының www.bg.eisz.kz. веб-сайтында Сіз Порталда жасақталған кодыңызға сәйкес өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарап, өз кезегіңізді бақылай аласыз.
Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай-күйі барысында, пациентті амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарға емдеуге жатқызу.
Шұғыл емдеуге жатқызу – бұл жедел медициналық жәрдем көрсету үшін стационарға шұғыл түрде емдеуге жатқызу. Шұғыл емдеуге жатқызу жазатайым оқиғалар, апаттар және тұрмыстық жарақаттар кезінде, жіті инфекциялық аурулар кезінде, ауыр улану кезінде және пациенттің денсаулығына қауіп төнетін басқа кенет (жіті) жағдайларда жүргізіледі.
Стационарда емделу туралы мәселені айғақтар болған жағдайда Сіздің емдеуші дәрігеріңіз шешеді, ол емдеуге жатқызу үшін қажетті зерттеулерді алдын-ала жүргізеді. Өткізілген зерттеуден кейін емдеуші дәрігер Емдеуге жатқызу бюросының Порталында өтінімді орналастырады.
Сіздің қалауыңызды еске ала отырып және тиісті бос төсектер болған жағдайда клиниканы емдеуші дәрігер таңдайды.
Таңдаған стационарда орындар жоқ болса, емдеуші дәрігер Сізге баламалы клиниканы ұсынады.
Клиника емдеуге жатқызудың алдын-ала күнін белгіленгеннен кейін, дәрігер жолдаманы ресімдеп, сізге береді.
Жолдамада жоспарлы емдеуге жатқызудың автоматты түрде жасақталған коды және емдеуге жатқзудың алдын ала күні көрсетіледі.
Пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде клиникаға емдеуге жатқызу шұғыл түрде жүзеге асырылады.
Пациент клиникаға көрсетілген күні келуі тиіс.
Пациент келмеген жағдайда өтінімнің күші жойылады.
Толық ақпаратты Сіз www.bg.eisz.kz. Веб-сайтынан ала аласыз.
ШЖҚ «Ақсу қаласының кмханасы»КМК
Емдеу- алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары
Айғанша Байғалиева
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя