Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Стационаралмастыратын медициналық көмек деген не?
Стационаралмастыратын көмек – бұл денсаулық сақтау ұйымдарында стационар бөлімшелерінде (палаталарда) күндізгі болу, емхананың күндізгі стационары мен үйдегі стационарда медициналық көмек көрсету.
Емханадағы жұмыс істейтін стационаралмастыратын бөлімше Ақсу қаласының емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол өңірдің тіркелген тұрғындарына емдеу-алдын алу қызметін жүзеге асырады.
Стационаралмастыратын көмекті тәулік бойы медициналық бақылау қажет етпейтін күні бойы ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейін жіті және созылмалы патологиясы бар науқастар ала алады, сонымен қатартәулік бойы болатын стационардан шыққан және әрі қарай қалпына келуге емдеу талап ететін науқастар үшін.
Стационаралмастыратын бөлімшеге түскен науқастарға денсаулық сақтау саласындағы уәкідетті орган бекітуімен күндізгі стационар науқасының медициналық картасы ашылады.
Стационаралмастыратын медициналық көмекке диагностикалық , емдеу шаралары оның ішінде медициналық көрсеткіштері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жүзеге асады.
Пациенттерге стационаралмастыратын көмек алу үшін емхананың Отбасылық денсаулық орталығы учаскелік дәрігерлеріне келулері керек.
ШЖҚ «Ақсу қаласының кмханасы»КМК
Емдеу- алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары
Айғанша Байғалиева
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя