Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Адамның папилома вирусына қарсы егу.
2013 жылғы қазан айында елімізде алған рет жатыр мойнының қатерлі ісігін қоздыратын адамның папилома вирусына қарсы (АПВ) 11-12 жастағы қыздарды тегін егу басталады.
Адам папиломы вирусына қарсы егу жасау – әркімнің өз еркі. Бұл егу адамның папилома вирусынан өмір бойы қорғайды. Әйелдерде жиі тараған қатерлі ісіктер арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі әлемде екінші орын алып отыр. Осы онкологиялық аурудың пайда болуына себеп адамның папилома вирусы болып табылады. АПВ адам ағзасына жыныстық жолмен кіреді, 16-20 жастағы кезде көп тарайтын кезі, сондықтан Қазақстанда қыздарды жыныстық жетілуге дейін егу шешілді. АПВ жұқпасы спонтанды емделеді, бірақ созылмалы түрде болған жағдайда ол жатыр мойнының қатерлі ісігі жағдайына әкелуі мүмкін. Вирус жатыр мойнының сілемей жасушаларына кіріп, онда зиян келтірмей, бірнеше жылдар болуы мүмкін. Содан кейін вирус жасушаларды бұзуын бастайды.
Көп жағдайда вирус қатерлі ісікке әкелмейді, бірақ оның болуы мүмкін, өйткені әйелдер өздерінің ауру жұқтырғанын білмейді, жұқтырған кезде ешқандай симпом болмайды.Қыздарды егу қауіп-қатердің аз болуына әкеледі.
АПВ қарсы егу ағзаны қорғауды қалыптастырады (иммунитет).
АПВ қарсы вакцинасында вирустық генетикалық материал жоқ, онда егу кезінде жұқтыру болмайды.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя