Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Обырдың алдын алуға болады.
Обырдың алдын алуға болады.
Скрининг өтіңіз!
Қазақстанда скрининг Сіз тіркелген медициналық ұйымда тегін өткізіледі.
ШЖҚ «Ақсу орталық аурухана» КМК емхана.
Алдын алу бөлімшесінің СӨС үйлестіруші маманы-
Меруерт Мұңсызова.
Обыр ауруы өлімнің үлкен себебі болып табылады. Қазіргі таңда обыр жаза емес, бұл емделетін ауру. Обыр неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым обырдан толықтай емделіп шығу мүмкіндігі бар.
Обыр ауруының пайда болуына ықпал етуші патологиялық өзгерістерді жоюға, сондай-ақ, дамудың ерте сатысында ісікті анықтау үшін скринингтен өту қажет.
Скрининг- ерте сатыда ауруды және қауіп-қатер факторларын анықтау үшін сонымен бірге, емдеу тиімділігін арттыра және асқынудың дамуын алдын ала отырып, белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеру. Қазақстанда скринингтің бірнеше түрі өткізіледі: жатыр мойыны, сүт безі, тоқ ішек обырын ерте сатыда анықтау. 2013 жылдан бастап өңірлерде кезеңмен скринингтің жаңа түрлері енгізілді. Қүықасты безі, өнеш, асқазан, бауыр обырын ерте сатыда анықтау. Барлық скрининг Сіз тіркелген медициналық ұйымдарда тегін өткізіледі.
Скринингтің көлемі:
30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, жастағы әйелдерге
· патологиялық өзгерістердің жоқтығына жатыр мойынынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу.
· Акушер-гинекологтың тексеруі, көрсетілім бойынша-кольпоскопия.
50, 52, 54, 56, 58, және 60 жастағы әйелдерге.
· Сүт бездерін ренгенологиялық зерттеу(маммография).
· Маммологтың тексеруі, көрсетілім бойынша-онкологтың тексеруі.
50, 54, 58, 62, және 66 жастағы еркектерге
· простаталық- айрықша антиген және оның түрлерін анықтауға қан анализі
· урологтың тексеруі, көрсетілім бойынша-ультрадыбыстық зерттеу және биопсия.
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, және 70 жастағы еркектерге және әйелдерге:
· тоқ ішек ауруларын ерте сатыда анықтау үшін жасырын қанға нәжісті зерттеу тоқ ішекті эндоскопиялық зерттелуі (колоноскопия)-көрсетілім бойынша.
50, 52, 54, 56, 58, және 60 жастағы әйелдерге және еркектерге
· өңеш пен асқазанның эндоскопиялық зертттелуі(эзофагогастроскопия)
· гастроэнтерологтың тексеруі, көрсетілім бойынша- онкологтың тексеруі.
Осы зерттеулер жаппай өткізілетін елдерде жатыр мойыны, сүт безі, тоқ ішек және обырдың өзге түрлеріне болатын саны күрт төмендеді.
Егер Сізді скринингке шақырса- одан міндетті түрде өтіңіз!
Құрметті ата-аналар, қыздарыңызды қорғаңыз ертеңгі күн үшін!
ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-ның емханасы.
Алдын алу бөлімшесінің СӨС үйлестіруші маманы-
Меруерт Мұңсызова.
Жатыр мойынының обыры- Қазақстанда және әлемде әйелдер арасында таралуы бойынша екінші онкологиялық ауру. Жыл сайын елімізде жатыр мойыны обырының шамамен 1500 жағдайы тіреклуде және осы аурудан шамамен 650-дей әйел қайтыс болады.
Жатыр мойынының обыры көп жағдайда жыныстық жолмен берілетін адамның папиллома вирусынан пайда болады. Адамның папиллома вирусына қарсы егуі жатыр мойынының обырымен аурудың қауіп-қатерін барынша төмендетеді, бірақ ол жолмен берілетін басқа жұқпалы аурулардан қорғамайды.
2013 жылдан бастап Қазақстанда кезеңмен 11-12 жастағы қыздарға адамның папиллома вирусына(АПВ) қарсы тегін вакцинациялау басталады. Бұл вакцина жатыр мойыны обырының болуын алдын алады.
Вакцина жоғары тиімді болу үшін, 6-8 ай ішінде үш инъекция жасау қажет. Вакцинация жасау қыздың ата-анасымен келісілетін болады. Вакцина жатыр мойыны рагінің пайда болудың ең көп таралған себептерінен көп жыл қорғануды қамтамасыз етеді, бірақ бұл болашақта скринингілік тексеруден өтуді алып тастамайды.
Қазіргі таңда қыздарда адамның папиллома вирусына қарсы егу 110 елде жүргізілуде. Вакцина өзін қауіпсіз етіп көрсетті- қазіргі таңда барлық әлемде шамамен 90миллион егу жүргізілді.
Адамның папиллома вирусына қарсы екпе туралы мәселелері бойынша мектептегі медицина қызметкеріне немесе учаскелік дәрігерге жүгінуге болады. Вакцина тегін жүргізіледі.
Жиі өткізетін скрининг және вакцинация – жатыр мойынының обыры сияқты қауіпті аурудан ең жақсы қорғау жолы.
Рак ауруын бірге жеңейік!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя