2014 жылғы 1-7 қыркүйек аралығында «Денсаулық сабақтары»атты акция өтті.

Дата: 2014-09-17 11:17:58
2014 жылғы 1-7 қыркүйек аралығында «Денсаулық сабақтары»атты акция өтті.

Осы акцияның басты тақырыбы туберкулездің алдын алу, денсаулықты нығайту мен сақтауға негіз қалыптастыру, «Туберкулезді тоқтату!» девизімен дене белсенділігі, дұрыс тамақтануды қоса отырып денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру.

ПМСП-да ашық есік күндері (2 күн 3 және 4 қыркүйек) оқушылар мен келушілерге фтизиатрдың, жасөспірімдер қызметі, СӨС қызметі кабинеттерінде туберкулез, дене белсенділігі мен дұрыс тамақтану мәселелері бойынша кеңес беру жүргізілді. Акция аясында №4,7 ОМ, №19колледжде оқушылар арасында жат жазу, сауалнама жүргізілді.

Сонымен қатар жарақаттанудың алдын алу бойынша «Мектепке жол» акциясы орайластырылды. Жұмыс барысында ЖЖЕ, көлік медицинасы бойынша ақпараттық-білімділік материалдары таратылды.

Емхананың екі корпусындағы селекторлық радиода рационалды тамақтану, дене белсенділігі, туберкулездің алдын алу және бір жас аралығындағы балалардың жарақат алуының алдын алу бойынша радиодәрістер оқылды. Денсаулық мектептерінде аудио/бейне роликтер көрсетілді.