контакт: 8(71837)50973 kkgp-acb@mail.kz
адрес: Павлодар қ., Лимонная көшесі, 1

ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның қабылдау бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізілді. Аурухананың қабылдау бөлімшесінің құрылысы:

Дата: 2014-11-27 10:44:01
ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның қабылдау бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізілді. Аурухананың қабылдау бөлімшесінің құрылысы:

 

 

ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның қабылдау бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізілді. Аурухананың қабылдау бөлімшесінің құрылысы:

Қабылдау бөлімшесінің  жұмысы қатаң реттілікпен жүреді:

1)    Науқастарды тіркеу;

2)    Дәрігердің тексеруі;

3)    Санитарлық-гигиеналық өңдеу.

Осындай ретттілікпен қабылдау бөлімшесінің бөлмесі орналасқан. Аурухананың қабылдау бөлімшесінің құрылысы стационардың бейініне байланысты, оған мынадай кабинеттер енеді:

Күту залы:  мұнда төсек режімін қажет етпейтін науқастар және емделушіні алып келген тұлға болады. Бұл жерде орындықтар саны жеткілікті. Қабырғаларда емдеу бөлімшелерінің жұмыс тәртібі туралы мағлұматтар, емдеуші дәрігермен әңгімелесу сағаттары, науқастарға рұқсат етілген азық-түліктердің тізімі ілінген.

Тіркеу орны бөлмесі: бұл жерде түскен науқастарды тіркейді және қажет құжаттарды ресімдейді.

Байқау кабинеттері (травматолог, хирург, терапевт және педиатр кабинеттері енеді) алдын ала диагноз қоюмен және санитарлық-гигиеналық өңдеу антропометрия, термометрия түрін анықтау және қажет болған жағдайда басқа да зерттеулер мысалы, электрокардиография (ЭКГ) жасау үшін науқастарды дәрігерлік тексеруден өткізуге арналған.

·        Душ бөлмесі бар (ванна) санитарлық өткізу,киімін ауыстыруға арналған бөлме.

·        Диагностикалық кабинет – диагнозы анықталмаған науқастарға арналған.

·        Оқшау бөлме – жұқпалы ауруларға күдікті науқастар үшін.

·        Емшара кабинеті – шұғыл жәрдем көрсетуге арналған.

·        Жарақатпункті (таңу бөлмесі)  - ашық жарасы барларға шұғыл көмек көрсету үшін.

·        Рентгенологиялық  кабинет.

·        Зертхана.

·        Медбике бөлмесі.

·        Қабылдау бөлімшесі меңгерушісінің кабинеті.

·        Дәретхана бөлмесі.

·        Түскен науқастардың киімдерін сақтауға арналған бөлме.

Қабылдау бөлімшесінің құрамында тәулік бойындағы жарақатпункті жұмыс істейді.

 

Жарақатпунктінде емделушіге тәулік бойы тұрғылықты жеріне қарамастан шұғыл жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетіледі.