Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Өзіңді және өз жақындарыңызды қорғаңыз» атты Ақсу өңірінінде акция өтті.
2014 жылғы 23 желтоқсанда Ақсу орталық ауруханасы емханасының базасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Өзіңді және өз жақындарыңызды қорғаңыз» атты акция өтті.Акцияны ұйымдастырушылар Ақсу өңірінің СӨС қызметі, Павлодар Облыстық Қызыл ай Қоғамы филиалы және Ақсу өңірінің ЖИТС орталығы филиалы. Ақпараттық компания барысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық стенд безендірілді.Барлық акцияға қатысушылар АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша өзін қалай қорғау керек екендігі туралы ақпараттық материалдар алды. АИТВ/ЖИТС бойынша бейнеролик көрсетілді. АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша викторина өткізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер сыйлықтармен мадақталды.
Акцияның негізгі міндеттері:
- АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттық деңгейін анықтау;
- АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық метериалдарды беру;
- АИТВ/ЖИТС алдын алу шараларын анықтау;
- ЖИТС-пен ауыратын науқастарға және АИТВ жұқпасы барларға адамгершілікті қарым-қатынас қалыптастыру;
- СӨС-ті алға бастыру және жұқпалы емес аурулардың алдын алу (ЖЕА).
Ақсу өңірінің СӨС қызметі.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя