Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
Ақсу өңірі бойынша «Ең үздік ұзақ өмір сүру мектебі»конкурсы
Ақсу өңірі бойынша «Ең үздік ұзақ өмір сүру мектебі»конкурсы
Конкурстың мақсаты:
- Халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту;
- Өзінің және қоғамның денсаулығына жеке және ортақ жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу;
- «Саламатты Қазақстан»ДД МБ жүзеге асыру шеңберінде аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде ауыл халқының ақпараттандыру деңгейін арттыру.
ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның емханасында 20 қарашада белсенді ұзақ өмір сүру конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырушылар Ақсу қаласының СӨС қызметі, ПОСӨСҚО, Павлодар қ.«Номад»ҮҰ.
Конкурсты бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Байғалиева және СӨС үйлестірушісі М.Қ.Мұңсызова ашты.
Конкурсқа 3 команда қатысты: Жолқұдық ДА, Ақсу кентінің ДА және АОА-ның емханасы. Конкурс 4 кезеңнен тұрды (таныстыру, үй тапсырмасы, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды белсенді және тиімді насихаттау, СӨС насихаттау бойынша музыкалық-шығармашылық нөмір).
Әділ-қазы алқасы үш адамнан тұрды:
Әділ-қазы төрағасы – Е.Е.Серікбаев «Номад»ҮҰ төрағасы;
А.М.Байғалиева - бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары;
Г.С.Солтанова – емхананың мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы.
Конкурс барысында қызық және тағлым аларлық көріністер қойылды: белсенді ұзақ өмір сүру принципі, салауатты тамақтану және физикалық белсенділік. Ұзақ өмір сүру мектебінің ұдайы қатысушылары Рая апай мен Тамара Петровна шақырылды. Олар СӨС үйлестірушісі М.Қ.Мұңсызоваға және СӨС м/б Г.Е.Саталғановаға өз алғыстарын білдірді.
Қорытындысында Ақсу кентінің ДА командасы III орынға, Жолқұдық ДА командасы II орынға және «АОА» емханасы I орынға ие болды. «Номад»ҮҰ төрағасы Е.Е.Серікбаев жеңімпаздарды ақшалай сыйақымен мадақтады.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя