контакт: 8(71837)50973 kkgp-acb@mail.kz
адрес: Павлодар қ., Лимонная көшесі, 1

Ақсу өңірі бойынша «Ең үздік ұзақ өмір сүру мектебі»конкурсы

Дата: 2015-01-07 13:09:30

Ақсу өңірі бойынша «Ең үздік ұзақ өмір сүру мектебі»конкурсы

Конкурстың мақсаты:

-         Халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту;

-         Өзінің және қоғамның денсаулығына жеке және ортақ жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу;

-         «Саламатты Қазақстан»ДД МБ  жүзеге асыру шеңберінде аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде ауыл халқының ақпараттандыру деңгейін арттыру.

ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның емханасында  20 қарашада белсенді ұзақ өмір сүру конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырушылар Ақсу қаласының СӨС қызметі, ПОСӨСҚО, Павлодар қ.«Номад»ҮҰ.

Конкурсты  бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Байғалиева және СӨС үйлестірушісі М.Қ.Мұңсызова ашты.

Конкурсқа 3 команда қатысты: Жолқұдық ДА, Ақсу кентінің ДА және АОА-ның емханасы. Конкурс 4 кезеңнен тұрды (таныстыру, үй тапсырмасы, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды белсенді және тиімді насихаттау, СӨС насихаттау бойынша музыкалық-шығармашылық нөмір).

Әділ-қазы алқасы үш адамнан тұрды:

Әділ-қазы төрағасы – Е.Е.Серікбаев «Номад»ҮҰ төрағасы;

А.М.Байғалиева - бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары;

Г.С.Солтанова – емхананың  мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы.

Конкурс барысында қызық және тағлым аларлық көріністер қойылды: белсенді ұзақ өмір сүру принципі, салауатты тамақтану және физикалық белсенділік. Ұзақ өмір сүру мектебінің ұдайы қатысушылары Рая апай мен Тамара Петровна шақырылды. Олар СӨС үйлестірушісі М.Қ.Мұңсызоваға және СӨС м/б Г.Е.Саталғановаға өз алғыстарын білдірді.

Қорытындысында  Ақсу кентінің ДА командасы III орынға, Жолқұдық ДА командасы II орынға және «АОА» емханасы I орынға ие болды. «Номад»ҮҰ төрағасы Е.Е.Серікбаев жеңімпаздарды ақшалай сыйақымен мадақтады.