Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасында кіші жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау.
Қазақстан Республикасында кіші жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау.
Адам папилломасы вирусына қарсы (бұдан әрі - АПВ) вакцинациялау жатыр мойны обырының алдын алу үшін жүргізіледі және оның пайда болу жиілігін азайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын 1500-ге жуық әйел жатыр мойны обырымен ауырады және 650 әйел қайтыс болады. 3-4 сатыдағы жатыр мойны обырының үлес салмағы 30%-ды құрайды. Әйелдер арасында онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің құрылымында жатыр мойны обыры екінші орында тұр.
Қазақстан Республикасында АПВ-ға қарсы вакцинаның 2 түрі тіркелген.
1) неғұрлым көп онкогендігі бар вирустардың 16 және 18 штаммына қарсы екі валентті вакцина (16,18) (тауарлық атауы Церварикс, Бельгияда өндірілген), ұсынылатын вакцинациялау кестесі – 0-1-6 ай.
2) неғұрлым көп онкогендігі бар вирустардың 16 және 18 штаммына, сондай-ақ кондиломаны тудыратын 6,11 вирустарына қарсы төрт валентті вакцина (16,18,6,11) (тауарлық атауы Гардасил, Нидерландта өндірілген), ұсынылатын вакцинациялау кестесі – 0-2-6 ай.
Иммундау жүргізу үшін ДДҰ-ы сертификаттаған АПВ-ға қарсы бір дозалық вакцина пайдаланылады.Екі вакцинада тиімді, қауіпсіз және әйелдер мен қыздардағы АПВ-инфекциясының, жатыр мойнының обыр алдындағы аурулары мен обырының алдын алу үшін ұсынылған. Вакцинациялау ерікті түрде жүргізіледі, егілетін адамдарға таңдау үшін АПВ-ға қарсы вакцинаның 2 түрі ұсынылады.АПВ-ға қарсы вакцина плюс 20 С-тан плюс 8 0 С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта сақталады.
Вакцинаны мұздатуға жол берілмейді.
АПВ-ға қарсы қосымша иммундауға жататын мақсатты топ - 11-15 жастағы қыздар, ұсынылатын бір реттік доза 0,5 мл құрайды. Алғашқы иммундау сызбасы вакцинаға қоса берілетін, бекітілген нұсқаулыққа сәйкес сызбасы бойынша вакцинаның үш дозасын енгізуді қамтиды, вакцинаны иықтың дельта тәрізді бұлшықет аймағына 90 градус бұрышымен бұлшықетке енгізеді. Профилактикалық егулерді жүргізу алдында дәрігер (фельдшер) медициналық құжаттамада егуге рұқсатты жазбаша ресімдей отырып, осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңдап алынатын вакцинаны көрсете келе, ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің АПВ-ға қарсы профилактикалық егулер жүргізуге ақпарат берілген ерікті келісімін ала отырып егілетін адамдарды тексеріп қарайды. Вакцинациялау жүргізгеннен кейін екпе жасалған адамдар 30 минут медициналық бақылауда болады, одан әрі медициналық бақылау бірінші 3 күн бойы жүргізіледі.
Кез-келген вакцинаны ағзаға енгізгенде, кейде осы вакцина қорғайтын аурудың пайда болуы ауырлығымен салыстыруға болмайтын әртүрлі белгілердің пайда болатыны белгілі. АПВ-ға қарсы барлық вакциналардың реактогені аз және сондықтан да реакциялар сирек кездеседі және бірнеше күнге созылады. Олар мынадай түрде байқалады: 1) жиі: бас ауыру, миалгия, бұлшықеттің треморы, шаршауды сезіну, жүрек айну, құсу, іштің ауруы.2) Сирек:вакцина салынған орнының тығыздалуы, жергілікті сезімталдықтың төмендеуі, бас айналу. 3) Өте сирек: аллергиялық әсерлері (беттің ісінуі,қышыну,бөртпе); тыныс алудың қиындауы; артериялық қысымның төмендеуі.
АОА емхасының СӨС қызметі
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя