Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасында 2015 жылғы сәуірдің 20-30 аралығында «Сақтандыру,қорғау, екпе жасау» ұранымен Еуропалық иммунизациялау апталығы өтеді
Иммунизациялау денсаулық сақтаудың ең бір табысты және экономикалық тиімді шарасы. Ол жыл сайын 2 миллионнан бастап 3 миллионға дейін өлім жағдайларынан сақтандырады. Жаңа және күрделі вакциналар арқасында казіргі кезде жасөспірімдер және ересек адамдарды да өмірлеріне қауіп төндіретін тымау, менингит және қатерлі ісік (бауыр мен жатыр мойны қатерлі ісігі) ауруларынан сақтауға болады.
Халыққа екпе жасау 21 инфекциялық сырқатқа қарсы Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.
Тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің ақпараты бойынша Қазақстанда халыққа жоспарлы иммунизациялау жүргізу барысында сырқаттану деңгейі қысқарды:қызылша- 10 есеге, қызамық- 68еседен аса,эпидемиялық паротит – 110 еседен аса, халық арасында «В»вирустық гепатиттен -30,6 еседен аса,ал балалар арасында -200 еседен аса (екпе егу 1998 жылы енгізілді).
ШЖҚ «АОА»КМК- ны емханасының СӨС қызметі
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя