контакт: 8(71837)50973 kkgp-acb@mail.kz
адрес: Павлодар қ., Лимонная көшесі, 1

Кенеден сақ болыңыздар.

Дата: 2015-05-06 06:04:16

М.Мұңсызова -  Ақсу өңірі бойынша СӨС үйлестірушісі.

Кене энцефалиті- бұл табиғи –ошақтық ,  вирустық ауру, бұның қоздырғышы кене энцефалиті болып табылады. Ауру негізінен орталық адамның жүйке жүйесін зақымдауымен сипатталады.

Ауруды тасымалдаушы икс тәрізді кенелер болып табылады, олар адамның денесіне жабысып, кене энцефалиті вирусын жұқтырады.  Кене адамға табиғат аясында демалуы, мал жаюы, бау- бақшада жұмыс істеуі кезінде, жабысуы мүмкүн. Алайда орманға бармай-ақ, кене энцефалитін жұқтырып алуға болады, бұл кенелер үй жануарларымен, гүл шоғымен және жолмен әкелінгенде орын алады. Кене энцефалитке кез келген жастағы адам шалдығуы мүмкін.

Ауру кезінде  әлсіздік, шаршағыштық  пайда болады. Ауру жіті басталып , ауру кезінде қалтырау, қатты бас ауруы, дене ыстығының 38-39 0

дейін көтерілуі, жүрек айнуы, құсу байқалады. Медициналық жәрдемдге кеш жүгінген жағдайда, қолдың парездері мен салдануы (паралич) дамуы мүмкін.

Кенеден қалай сақтануға болады?

Табиғатта серуендеуге шығарда, сырт киіміңіздің жағасын, жеңіл түймелеріңіз, жейдеңізді шалбарыңызға салыңыз, ал шалбарыңызды аяқ киіміңізге не шұлығыңызға салыңыз. Кенеден құлақ пен шашты қорғау үшін  орамал тағу қажет. Дененің ашық қалған жерлеріне, сондай-ақ киімнің үстінен дәріханаларда және сауда желілерінде сатылатын үркітуші заттар немесе репелленттер жағып не сеуіп қою қажет. Бұл  әдіс тиімді болып саналады және ол кене энцефалиті эпидемиясы бар елдерінде соңғы кезде жиі қолданылып жүр. Кененің жабысуы демалу кезінде болатынын есте сақтау қажет, сондықтан арнайы бөлінген жерде негізінен күндіз демалған жөн, өйткені кенелердің белсенділігі сағат 11-ден 17-ге дейін төмендейді. Демалатын, палатка құратын жерді қураған ағаш, шөп, жапырақтан тазарту қажет, өйткені көбіне кене солардың үстінде болады. Денені қараған кезде, шаштың түбіне, терінің қатпарында, құлақ қалқананда, қолтық пен бас киімге көңіл бөлу керек. Орманнан шыққанда денені мұқият тексеру қажет, кене денеге жақсылап жабысқанша  1,5 - 2 сағат  өтеді, қан  сора бастағанша, адам өзін- өзі және бірін- бірі қарап  кенені тауып алып тастау  керек.  Егер кене қалай да  адамның терісіне жабысқан болса,онда оны тұмсығын үзбеуге тырысып, абайлап, түсіру қажет. Жабысып  қалған кенені алып тастау үшін кененің демалу тесіктерін тығындау мақсатында оны күнбағыс майымен майлау қажет, оның тұмсығына жіп байлап, 15-20минуттан кейін, екі жаққа әрі- бері тарта отырып, кенені тұмсығымен қоса жұлып алу қажет. Алып тастағаннан кейін кенені өртейді. Кененің шаққан жеріне йод, спирт немесе құрамында спирт бар кез келген препарат жағу қажет, ал қолды міндетті турде сабындап жуу керек. Кененің шағуына тап болған кез келген адам мүмкіндігінше ертерек, кене шаққаннан кейін 3күннен кешіктірмей, әрі қарай медициналық тексерілу үшін медициналық көмекке жүгіну керек.